Ұлытау облысының әкімі Жәйрем кентіне жұмыс сапарымен келді
Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен облыстық мәслихат хатшысы Бауыржан Шыңғысов Жәйрем кәріз стансасы, кен байыту комбинатындағы «Жәйрем полиметалы» жобасы, №3 Тұзкөл су жинағышының сорғы стансасының жұмысымен танысады.
Сондай-ақ, аймақ басшысы Қаражал қаласындағы қайта құрылымдалатын көп қабатты үй, жүзу бассейні, №1 жалпы орта мектебі сынды бірқатар нысандарда болады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі