Ұлт болашағына дауыс бер!
Енді араға бір күн салып өткелі отырған жалпыхалықтық референдум – ел тұрғындарына берілген аса маңызды мүмкіндік. Ал қолайлы сəттің салмағын сезініп, жауапкершілік жүгін жантəнімен түйсіну – əр қазақстандықтың азаматтық ұстанымына сын шаруа.
Референдум нəтижесі қалың қауым үміт артып, күткеніндей болып шықса, суперпрезиденттік басқару жүйесінен түбегейлі бас тартып, ықпалды Парламенті бар президенттік республикаға айналарымыз күмəнсіз. Нақтылай түссек, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатының берік іргетасы қаланады.
Ұлы мұраттарға ұмтылған ұлттың ұтқырлық танытып, ұтысқа шығар сəті бұл!
Ендеше, қолайлы мүмкіндікті қолдан шығарып алма! Өз əрекетіңнің қайтарымы қапысыз қадам екендігін ескеріп, елдің ертеңі, келешектің кемелдігі, ұрпағыңның бақытты болашағы үшін дауыс бер!
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТ,
Ұлытау аудандық мəслихатының депутаты.