Қарағандылықтар өздерін референдумға қатысушылардың тізімінен онлайн тексере алады
Қазақстанда 5 маусымда ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар еннізу бойынша жалпы республикалық референдум өтеді. Қарағанды облысының тұрғындары sailau09.kz және e-krg.kz сайттарындағы қатысушылар тізімінен өздерін тексере алады. Sailau09.kz сайт нұсқасы көру қабілеті нашар адамдар үшін қол жетімді.
Референдумға Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін дауыс беру кезінде 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары қатыса алады.
Облыс тұрғындарынан республикалық референдумға қатысуды сұрайды. Әркімнің дауысы маңызды!