«Қазақмыс Холдинг» ЖШС-нің тағы 27 қызметкері пәтер алды
Қарағандыда «Қазақмыс Холдинг» ЖШС бөлімшелерінің 27 көп балалы қызметкеріне пәтер кілттері табысталды. Тұрғын үй алғандардың көпшілігі ұзақ жылдар бойы жалдамалы пәтерлерде тұруға мәжбүр болды. Мысалы, машинист-кочегар Клара Асқарованың отбасы 13 жыл бойы жалға берілетін бір пәтерден екіншісіне көшіп келген. Енді ол жұбайы және алты ұлымен төрт бөлмелі, қажетті тұрмыстық техникамен жабдықталған пәтерге қоныстанды.
— Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында біз бүгінде маңызды өндірістік және әлеуметтік міндеттерді шешуге мүмкіндігіміз бар. Сондықтан сіздердің бүгінгі мерекелеріңіз де сіздердің жұмысыңыздың нәтижесі! — деп атап өтті «Қазақмыс «корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Әділет Барменқұлов.
Қызметкерлерге, оның ішінде көп балалы отбасыларға қамқорлық жасау компанияда бұрыннан дәстүрге айналды. Биылғы жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы үшжақты меморандум аясында компания 133 көпбалалы қызметкерлері жайлы тұрғын үй алды. Акция Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш қалаларында өтті, ал қазіргі қоныс иелерінің географиясы бүкіл Қарағанды өңірін қамтиды. Облыс орталығынан бөлек, пәтерлер мен коттедждер Теміртауда, Қарағайлы, Топар және Молодежный кенттерінде орналасқан.
Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.