Қасым-Жомарт Тоқаев Аманат партиясынан шықты
Бүгіннен бастап Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Аманат партиясының төрағасы ретінде өкілеттігін тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдағанын мәлім етті.
«Мемлекет басшысы ешбір партияға басымдық бермегені жөн, яғни саяси тұрғыдан бейтарап болуы қажет. Бұл – менің айқын ұстанымым», — деді Мемлекет басшысы AMANAT партиясының съезінде.