Бас жүлде – Ұлт ұясында

Күні кеше Елордадан Ұлытауға сүйіншілеген хабар жетті. Халықаралық «Шашу» өнер фестивалінде «Көркемсөз және театр өнері» номинациясы бойынша №2 Қорғасын орта мектебінің 10 сынып оқушысы Аяла Сартай Нұр-Сұлтан қаласында өткен фестивальде Гран-При жүлдесін жеңіп алды.

Дүбірлі додаға 500-ден астам өнерлі жас қатысты. Екі күнге созылған бәсекеде Аяланың бәсі биік болды. Жұлдызы жанып, Бас жүлдені қанжығалады. Шәкіртімен бірге жетекшісі Айман Байзақова да Алғыс хатқа иеленді.

Өнер өлкесіне енді қадам басқан жас талантқа алар асуың көп болсын демекпіз. Жеңісің құтты болсын, Аяла!

Қайрат Жұмабай