«…Қолына кімнің су құям?»
Жарықтық!
«Ақ зерім» жарыққа шыққанында өзгеден артық
қуанып, газетке мақала берген де Өзі еді. Мені сүйреп, радиоға апарып, эфирге интервью берген де Өзі
еді. Һәм үлкен басымен соңына бұрылып, суретшіні
көз шоласына түсіріп, аспанға көтеріп дәріптеп-ақ
бағатын да Өзі тұғын!..
Екі қайталамай, тоқталмай да мүдірмей, мәтелдетіп шешен сөйлейтін. Сонау, көне де, сөзге ұста
арда қазақтың сарқыты еді!
«Мінгізіп атқа кімді енді,
Қолына кімнің су құям?».
Жеңіс КӘКЕНҰЛЫ,
суретші.