Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Алғыс айту күні – бұл ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақ халқына деген құрметтің орнығуына негіз болған күн. Сондықтан, бұл күн Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударылған түрлі этнос өкілдерінің қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі.

Бүгінде көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген мереке барлық қазақстандықтардың мейірімділігі мен достығының, бір-біріне деген сүйіспеншілігінің жарқын символына айналды. Сол себепті, Алғыс айту күнінің басты мәні – тарихты жадымызда сақтау, ұрпақ сабақтастығы мен іргесі берік негіздегі ел бірлігін нығайту.

Біздің Ұлытау ауданында әртүрлі ұлт өкілдері тұрады. Олар жергілікті тұрғындармен жақын араласып, аудан өмірінің әр саласында қажырлы еңбек етуде. Алдағы уақытта да қазақ халқымен әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы сыйластығымыз артып, бірлігіміз беки берсін.

Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз! Алғыс айту күні біздің қоғамымызда сенім мен келісімді, достықты одан әрі нығайта берсін!

Советбек МЕДЕБАЕВ,

Ұлытау ауданының әкімі.

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,

аудандық мәслихаттың хатшысы