Қасым -Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы жағдайға пікір білдірді

Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери қақтығысқа қатысты пікір білдірді. Сондай-ақ, қос мемлекетті ынтымақтастық орнатып, мәселені бейбіт жолмен шешуді ұсынды.

 «Біз екі елді ынтымақтастық орнатуға шақырамыз. Келіссөздер аясында оны шешу керек. Бейбітшіліксіз ештеңені жүзеге асыру мүмкін емес. Қазақстан бұл орайда барлық қолдауды жүзеге асыруға дайын. Қазақстан экономикасы санкцияларға төтеп беруге дайын болуы керек. Біз барлығымыз бұл қиындықтарды артта қалдыра аламыз. Осы орайда партия да бесенділік танытуы керек. Көп жыл бойы үнсіз жатқан адамдар қазір жылымықты пайдаланып, әлеуметтік желілерде неше түрлі ақпарат тарата бастады. Партия жұртшылыққа саясатынымызды дұрыс тарата алуы керек. Мен үшін ең басты құндылық – Қазақстан Тәуелсіздігі», — деді Президент.