Қарағандыда «Атамекен» ҰКП машина жасау Комитетінің отырысы өтті

«Maker» ЖШС Қарағанды құю-машина жасау зауытында Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісовтің қатысуымен «Атамекен» ҰКП машина жасау Комитетінің жаңартылған құрамының бірінші отырысы өтті. Кеңеске облыстың жетекші машина жасау кәсіпорындарының бірінші басшылары, өңірдің тау-кен өндіруші алыптарының өкілдері, техникалық жоғары оқу орындарының профессорлары, сондай-ақ жабдықтар мен жинақтауыштарды жеткізуші халықаралық компаниялардың филиалдары мен өкілдіктерінің басшылары қатысты. Кездесуге «Самұрық-Қазына Инвест» қоры өкілдерінің қатысуы ерекшелік болды.

SONY DSC

Осы жылдың қазан айында комитет құрамы айтарлықтай өзгертіліп, 48 адамға дейін ұлғайтылды. Төраға болып KLMZ басшысы Жәнібек Байғабелов тағайындалды.

— Комитет — барлығы үшін тамаша диалог алаңы. Атап айтқанда, «Самұрық-Қазына Инвест» қоры үшін біздің өңірдің инвестициялық әлеуеті қызықты. Машина жасау — республиканың ұлттық қауіпсіздігінің кепілі. Бұл әсіресе дағдарыс кезінде, жеткізілім тоқтаған кезде, шекаралар жабылған уақытта байқалады. Әлемдегі дағдарысқа қарамастан, біздің облыстың машина жасаушылары өз көлемдерін ұлғайтты. Бұл импорттық өнімді алмастыру, өндірістің жаңа номенклатурасын игеру арқасында мүмкін болды, — деді KLMZ Басқарма Төрағасы және «Атамекен» ҰКП машина жасау комитетінің төрағасы Жәнібек Байғабелов.

Әлемдік дағдарыс жағдайында жергілікті машина жасауды дамыту мүмкіндігі пайда болды. Әлемде машина жасау саласы 25%-ға қысқарған кезде, Қазақстанда өткен жылы өндіріс көлемі ақшалай мәнде 35%-ға өсті. Бұл ретте KLMZ зауыты көлемін 40%-ға дейін арттыра алды. Жәнібек Байғабелов баяндама жасап, пандемия жағдайында шығындарды ұлғайтпай, жаңа нарықтар мен технологияларды қалай игеру керектігін айтты.

Оның айтуынша, өңірдің машина жасаушыларының жақсы бәсекелестік артықшылығы бар. Бұл әлі күнге дейін импорттық өнімдерді тұтынатын елеулі клиенттердің болуы. KLMZ зауытының негізгі тапсырыс берушісі — «Қазақмыс» корпорациясы, «Қазмырыш»компаниясымен келісім бар. Компания ай сайын миллиард теңгеге 12 мың өнім түрін шығарады.

Зауыттың табысты тәжірибелерінің бірі үшінші тарап тапсырыстарының үлесін 10 есе арттыру және операциялық тиімділікті арттыруға қызметкерлерді тарту болды. Биыл зауыт өз өнімдерін экспорттай бастады.

Облыс басшылығының қолдауы да өз септігін тигізді. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-мен үш жақты келіссөздердің арқасында импорттық өнім теміртаулық металилекпен алмастырылды.

Бүгінгі таңда KLMZ зауытының штаты — 778 адам. Бәсекелестік артықшылықтардың бірі — жедел түрде жаңа құжаттаманы игеріп, жобаларды жасай алатын 50 жоғары білікті дизайнерлер мен технологтардың болуы.

Отырыс барысында қатысушылар әлемдік машина жасау нарығының жай-күйі мен үрдістерін, қазақстандық машина жасауды дамыту әлеуетін және өңірлік ынтымақтастық үшін KLMZ ұсыныстарын талқылады.

Машина жасаушылардың әлеуеттік инвестициялық жобалары қарауға берілді. Осы іс-шараның арқасында «Самұрық-Қазына» қорының кәсіпорындарына өнім жеткізуге шарт жасасу мүмкіндігімен 50 миллиард теңгеге дейінгі инвестициялар жергілікті кәсіпорындар үшін шындыққа айналды.

Отырыс соңында KLMZ барлық өндірістік цехтары бойынша экскурсия өтті. Жиналысқа қатысушылар зауыт шығаратын өнімді көріп, оны өндіру процесімен танысты.

— Көпшілік үшін «ҚДБ-Лизинг»бағдарламасы бойынша сатып алынған бірегей станоктар қызықты болды. Бұл жаңартылған CББ паркі. Өңірдің басқа да машина жасаушыларымен бірге тиімділікті арттырып, сапалы өнім шығара аламыз деп ойлаймын, — деп атап өтті Жәнібек Байғабелов.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.