Латын графикасына көшу – Рухани жаңғыру талабы

Қазақ тілінің жазу тарихында әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізген болатын. Солардың ең алғашқысы араб графикасына негізделсе, кейін А.Байтұрсынұлы 1910 жылдан бастап араб жазуының қазақ тілі үшін қолайлы емес жақтарын түзеп, оны тілдің дыбыстық ерекшеліктеріне сай етіп ұлттық әліпби жасайды.

Алайда уақыт өте келе 1929-1940 жылдар аралығында халқымыз латын графикасы негізіндегі әліпбиді пайдаланып, ал 1940 жылдан бастап осы уақытқа дейін кириллицаны қолданып келеді. Дегенмен заман өз көшінен қалар емес. Қазіргі таңда Елбасының тапсырмасына орай еліміз лaтын әліпбиінe көшуге үлкен дайындық жасап жатыр. Бұқаралық ақпаратқа сүйенсек, бүгінде әлемнің 80% -ы латын жазуын пайдаланса, ал кириллица жазуы әлемнің 12 мемлекетінде ғана қолданыста екен. Демек, латын әліпбиі әлемдегі өркениетті мемлекеттердің қатарына аяқ басуымызға өз септігін тигізетіні сөзсіз.

Сонымен қатар рухани жаңғырудың негізі болып саналатын латын графикасына көшу арқылы біз ұлттық құндылықтарымызды, рухани байлықтарымызды, мәдениетімізді, салт-дәстүрлерімізді сақтап үлкен рухани құбылыс жасайтынымыз анық.

Айдана ТӨРЕБАЙ,

 «Ұлытау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің латын графикасын енгізу бойынша әдіскері.