Ұлытау ауданында жаңа прокурор тағайындалды
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының No129/6 бұйрығымен Ұлытау ауданының прокуроры лауазымына Рахымжан Көшкінбайұлы РАХАТОВ тағайындалды.
Рақымжан Көшкінбайұлы 1979 жылы туған.
2000 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Заң факультетін тәмамдаған.
Прокуратурадағы қызметін 2002 жылдың тамыз айынан бастаған.
Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан прокурорының көмекшісі, облыс прокуратурасы басқармасының прокуроры, аға прокуроры, Қарағанды облысы прокурорының көмекшісі қызметтерін атқарған.
2009 жылдан бастап, жоғары лауазымды қызметтерді атқарды. Ақтоғай аудан прокурорының орынбасары, Қарағанды облысының Түзеу мекемелерінде заңдылық сақталуын қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокурордың орынбасары, Бұқар Жырау ауданы прокурорының орынбасары.
2020 жылдан осы уақытқа дейін Саран қаласының прокурорының орынбасары болды.