Президент Қарағанды облысына келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді, – деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметінің басшысы Берік Уәли өзінің Фейсбуктегі парақшасында.

Президент сапар барысында құрылысы биыл аяқталған білім және спорт орталықтарының жұмысымен, пандемия кезіндегі өңірде білім беру процесін ұйымдастыру ісімен танысады.

Мемлекет басшысы бірқатар индустриялды өндіріс орындарын аралап көріп, аймақта жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалармен және «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының даму барысымен танысады деп жоспарланған.

Сонымен қатар «АрселорМиттал Теміртау» металлургиялық комбинатына барады.