Қарағанды облысының әкімдігінде дизель отынының жағдайына қатысты түсініктеме берілді

Дизель отынының тапшылығына байланысты жағдай шешілуде. Қоғамдық көлікті отынмен қамтамасыз ету басым тәртіппен жүзеге асырылуда. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

– Сенбі күні Үкіметте осы мәселе бойынша селекторлық кеңес өткізілді. Өңірлерге жанар-жағармай белсенді жеткізілуде. Энергетика министрлігінің мәліметінше, жақын арада Павлодар мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары аяқталады, – деді облыс басшысы онлайн режимде өткен аппараттық кеңесте. – Демалыс күндері автопарктерге қосымша дизель отыны келді. Қоғамдық көліктерді отынмен қол режимінде қамтамасыз ету жүріп жатыр.