КЕНТТЕР мен АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕР ӘКІМІ ЛАУАЗЫМЫНА САЙЛАНУҒА ҮМІТКЕРЛЕР НАЗАРЫНА!
«Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» конституциялық Заңының талаптарына сәйкес, кенттер мен ауылдық округтер әкімі лауазымына сайлануға үміткер ретінде ресми тіркелген тұлғалар сайлау қарсаңындағы бағдарламалары мен үгіт-насихат материалдарын баспасөз бетінде ақылы негізде жариялауға құқылы.
Соған орай, Ұлытау аудандық «Ұлытау» газетінің редакциясы» ЖШС материалдарды жариялау төлемақысы төмендегідей мөлшерде бекітілгенін хабарлайды:
- Газеттің бірінші және соңғы түрлі-түсті беттеріне: әр см – 180 теңге.
- Ішкі беттерде әр см – 90 теңге.
- Бірінші түрлі-түсті бетке берілетін материал көлемі 200 см — ден аспауы тиіс.Ескертулер:
- газет аптасына бір рет – сенбі күндері жарық көреді;
- жариялануға ұсынылатын материалдар газеттің келесі номері шығатын аптаның бейсенбісінен кешіктірілмей тапсырылуы тиіс;
- үміткерлердің материалдары «ҚР Сайлау туралы» конституциялық Заңы талаптарына сай болуы – міндетті.Ұлытау аудандық «Ұлытау» газетінің редакциясы.
Ақпарат
2021 жылдың маусым айының 17-22 күндері аралығында Ұлытау аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтері әкімдерін сайлау: сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру»тақырыбы бойынша оқыту бағдарламасына қатысып, тестілеу арқылы сертификаттармен куәландырылды.
Оқыту бағдарламасына қатысқандар саны – 9 адам.
Информация
С 17 по 22 июня 2021 года члены Улытауской районной территориальной и участковой избирательой комиссии приняли участие в программе обучения по теме «Выборы акимов городов районного значения, сел, поселков, сельских округов Республики Казахстан: правовые основы избирательного процесса и организация работы избирательной комиссии», прошли тестирование и были заверены сертификатами. Количество участников программы обучения – 9 человек.