Ертең Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңестің көлік-логистика саласын дамыту мәселелері бойынша шұғыл отырысы өтеді
Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың telegram-каналында мәлімдеді.

«2026 жылғы 13 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту мәселелері бойынша шұғыл отырысы өтеді. Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді», — делінген жазбада.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Заң мен Тәртіп» қағидатын сақтау, ұлттық компания басшыларының жеке жауапкершілігі және еліміздегі стратегиялық маңызды кәсіпорындардың қызметіндегі заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша назар аударады.
