Ауыл шаруашылығын дамыту және су қауіпсіздігін қамтамасыз ету – өңірдің тұрақты дамуының негізі
Ауыл шаруашылығын дамыту және су қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың маңызды басым бағыттарының бірі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында су ресурстарын тиімді пайдалану, аграрлық секторды жаңғырту және заманауи технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ұлытау өңірі үшін бұл бағыттардың маңызы зор. Су ресурстарын ұтымды пайдалану, мал шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау және су үнемдеу технологияларын енгізу азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға әрі өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға ықпал етеді.
Алға қойылған міндеттерді жүйелі түрде іске асыру ауылдық аумақтардың тұрақты дамуына, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
