Әскердегі заңбұзушылықтар туралы QR-код арқылы хабарлауға болады
Ұлттық ұлан әскери қызметшілерге QR-код арқылы жасырын хабарлама жіберуге мүмкіндік беретін жүйені іске қосты.

Енді әскери қызметшілер сыбайлас жемқорлық, дау-жанжалдар немесе күнделікті мәселелерге қатысты шағымдарын Aitu мессенджеріндегі «ULAN SENIM» платформасы арқылы жолдай алады.
Мамандарының айтуынша, мұндай өтініштер үш күн ішінде қарастырылады.
