Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындысы жарияланды

Орталық сайлау комиссиясы мәслихат сайлауына тіркелген партиялық тізімдер мен кандидаттардың санын жариялады. Кезектен тыс мәслихат депутаттығына 20 өңірден 10 971 кандидат тіркелген. Олардың 1219-ы партиялық тізіммен саяси додаға жолдама алса, қалғаны бірмандаттық округтер бойынша сайлауға түседі. Айта кету керек, бірмандаттық округтер бойынша бір орынға 3 кандидат таласады.

Мәслихат депутаттары бес жылға сайланады. Облыстық мәслихаттарда 668, қалалық мәслихаттарда 626, аудандық мәслихаттарда 2153 депутаттық мандат бөлінеді. Сайлау 20 облыстық, 38 қалалық және 170 аудандық мәслихатта өтеді.

Бүгін сайлауалды үгіт-насихат кезеңі басталды. Ол 28 қараша сағат 00:00-ге дейін жалғасады.