Қарағанды облысының әкімі интернет пайдаланушылардың сұрақтарына жауап береді

Еgov.kz порталында «Ашық диалог» бөлімінде 16 маусым сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен интернет-конференция өтеді.

Онлайн кездесудің тақырыбы – «Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы».

Сұрақ қою үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет.