Президент: Мемлекеттік басқару жүйесіне шынайы реформа қажет

Мемлекет басшысы Жолдауында мемлекеттік аппаратты жаңғыртуға қатысты бірқатар міндет қойды.

🔹 Қағазбастылықтан арылу:

Мемлекеттік аппарат қағазбастылықтан толық және біржола арылуы қажет. Шешім қабылдауға және дамуға кедергі келтіретін барлық рәсім қысқартылуға тиіс.

🔹 Мемлекеттік қызметшілерге жаңа талап:

Президент мемлекеттік қызметшілерге арналған жаңа әдеп қағидаттарын әзірлеу қажеттігін айтты. Олар кәсіби білікті, озық маман болып, Конституция талаптарын басшылыққа алуға және халыққа адал қызмет етуге тиіс.

🔹 Көзбояушылыққа жол жоқ!

«Бізге шынайы реформа қажет. Көзбояушылыққа жол беруге болмайды», – деді Мемлекет басшысы.

Нақты тапсырма:

Президент Әкімшілігі 2027 жылғы 1 маусымға дейін мемлекеттік басқару жүйесін реформалауға қатысты кешенді жоспар ұсынуы керек.