Президент көлік жуу орындарында ауыз суды пайдалануды тоқтатуды талап етті
Президент су шаруашылығы саласындағы тарифтік реформаны аяқтауды, желілердегі су шығынын азайтуды, сондай-ақ ауыз суды, оның ішінде көлік жуу орындарында орынсыз пайдалану жағдайларын жоюды тапсырды.

Сондай-ақ, Үкіметке Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін құру жұмыстарын барынша тез арада аяқтау міндеті жүктелді.
«Судың құны оның нақты шығындарына сай болуы тиіс. Менің тапсырмам бойынша үкімет су шаруашылығы саласында ауқымды тарифтік реформаны бастады. Бұл реформаны логикалық мәресіне дейін жеткізу қажет», – деді Мемлекет басшысы.
