Мемлекет басшысы үлкен құрылыс қозғалысына «Халықтық құрылыс» деген атау беруді ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында үлкен құрылыс қозғалысына «Халықтық құрылыс» деген атау беруді ұсынды.

«Бұл жоспарымыз ел игілігін арттыруға арналып отыр, басқа астарлы ойымыз жоқ. Сондықтан осы үлкен құрылыс қозғалысына «Халықтық құрылыс» деген атау берсек, қарсылық болмас деп сенемін.«Халықтық құрылыс» бағдарламасы азаматтардың әл-ауқатын арттыратын, кәсіпкерліктің өркендеуіне, дамуына, ұлттық экономиканы жандандыруға зор ықпал ететін төл тарихымыздағы ең үлкен инфрақұрылымдық жоба болмақ. Аталған бастама жүз мыңдаған адамды жұмыспен қамтиды, оның игілігін тұтас халқымыз, әсіресе, өскелең ұрпақ көреді деп кәміл сенемін», —  деді ол.