Қарағанды облысы «сары» аймаққа енді
Қарағанды облысында эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғаны байқалады. Бүгінгі таңда коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны бойынша өңір «қызыл» аймақтан «сарыға» өтті.
Өткен тәулікте облыста COVID-19 жұқтырудың 142 жаңа жағдайы тіркелді.
Естеріңізге сала кетейік, карантиндік шараларды өзгерту бір аймақтан екіншісіне ауысқаннан кейін жеті күннен ерте жүргізілмейді.
Қарағанды облысының СЭБД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша