Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғам кепілі

Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің басты негіздерінің бірі – заң мен тәртіпті сақтау. Заң талаптарын орындау – тек мемлекеттік органдардың міндеті ғана емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Заңды құрметтеу – құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершіліктің маңызды көрсеткіші.

Құқықтық мемлекетте әр адамның құқықтары мен бостандықтары заңмен қорғалады. Сонымен қатар әрбір азамат заң талаптарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеуге міндетті. Бір адамның жауапсыз әрекеті өзге азаматтардың қауіпсіздігіне және қоғамдағы тұрақтылыққа кері әсер етуі мүмкін.

«Заң мен тәртіп» қағидатының негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтың салдарымен ғана күресу емес, оның алдын алу. Осыған байланысты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, түсіндіру жұмыстарын күшейту, жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, отбасылық құндылықтарды нығайту және заңға құрметпен қарауды қалыптастыру маңызды.

Әсіресе кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аудару қажет. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оларды спорттық және шығармашылық үйірмелерге тарту, сондай-ақ ата-аналар, білім беру ұйымдары мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты күшейту – құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алудың маңызды тетіктері.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде азаматтық белсенділіктің де маңызы зор. Құқық бұзушылықтарға бейжай қарамау, заңсыз әрекеттер туралы тиісті органдарға хабарлау, қоғамдық тәртіпті сақтау және айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау – қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етеді.

«Заң мен тәртіп» – жай ғана ұран емес, күнделікті өмірде басшылыққа алынуы тиіс нақты қағида. Жол қозғалысы ережелерін сақтау, қоғамдық орындарда тәртіпті сақтау, өзгенің мүлкіне құрметпен қарау, отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеу және интернет кеңістігінде заң талаптарын сақтау – құқықтық мәдениеттің нақты көрінісі.

Мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі азаматтардың жауапкершілігіне тікелей байланысты. Заң талаптары баршаға бірдей сақталған жағдайда ғана қоғамда әділдік, тұрақтылық және өзара құрмет нығаяды.

Сондықтан заңға құрмет әр адамның өзінен басталуы тиіс. Өз құқықтарыңды білу, міндеттеріңді орындау және айналаңдағы адамдардың құқықтарын құрметтеу – қауіпсіз әрі тұрақты қоғам қалыптастыруға қосылған үлес.

Заңға құрмет – тәртіпке бастайды.
Тәртіп бар жерде – тұрақтылық бар.