Енді үй жануарынан бас тартсаңыз да, жауапкершіліктен құтыла алмайсыз
Экология министрлігі үй жануарларын ұстау ережелеріне тиісті түзетулер енгізді.

Егер иесі үй жануарын ұстай алмаса, оны панажайға, уақытша ұстау орнына, басқа адамға немесе ұйымға табыстауы тиіс.
Жануардан бас тарту иесін міндеттерінен босатпайды. Егер үй жануары уақытша ұстау орнына берілсе, иесі жануардың тағдыры анықталғанға дейін оны күтіп-ұстау үшін ақы төлеуі керек.

