Ұлытау облысының жаңа әкімі тағайындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ТОҚАЕВТЫҢ 2026 жылғы 17 шілдедегі Жарлығымен Есет Берікұлы БАЙКЕН Ұлытау облысының əкімі болып тағайындалды.
Есет Берікұлы Байкен 1986 жылы 23 қазанда Қарағанды облысы Нұра (бұрынғы Теңіз) ауданының Баршын ауылында дүниеге келген.
Ол 2005 жылы Қазақ гуманитарлық заң колледжін, 2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін, 2010 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы «Астана қаласының Экономика жəне бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ инвестициялық саясат жəне жоспарлау бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
– 2008-2010 жылдары Астана қаласы экономика жəне бюджеттік жоспарлау басқармасында, əкім аппаратында бас маман жəне бас инспектор;
– 2016-2019 жылдары ҚР Президенті Əкімшілігінде сарапшы, мемлекеттік инспектор;
– 2019 жылы Қарағанды облысы Нұра ауданының əкімі.
– 2019-2020 жылдары Астана қаласы əкімі аппаратының басшысы;
– 2020-2022 жылдары Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының əкімі;
– 2022-2026 жылдары Астана қаласы əкімінің орынбасары қызметін атқарды.

