Құқықтық-ақпараттық түсіндіру кездесуі өтті
Жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға құрмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды нығайту мақсатында «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» тақырыбында құқықтық-ақпараттық түсіндіру кездесуі өткізілді.

Іс-шараға қоғам қайраткері, құқықтық тәрбие және азаматтық жауапкершілік мәселелері бойынша сарапшы Таубагүл Тәжібаевич Алданиязов қатысып, жастармен ашық пікір алмасу жүргізді.
Кездесу барысында құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығы, заң талаптарын сақтау, азаматтық жауапкершілік, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар жастарға адалдық, әділдік және қоғамдық мүддені жоғары қою қағидаттарының маңызы түсіндірілді.
Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маман тарапынан тиісті жауаптар алды. Кездесу жастардың құқықтық білімін арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.
