«Қарасора» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің операциялық жоспарына сәйкес, үстіміздегі жылдың 1 маусым мен 31 қазан аралығында “ҚАРАСОРА” арнайы жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Бұл іс-шара есірткіге байланысты құқық бұзушылықтарды анықтауға негізделген. Теміржол бекеттерінде, есірткі заттарын тасымалдауға маманданған есірткі қылмыстық топтарды жою мақсатында Жезқазған станциясындағы көліктегі полиция бөлімі қызмет көрсету аумағында және бағынышты көліктегі полиция бөлімшелері маңында “ҚАРАСОРА” жедел профилактикалық іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Іс-шараның мақсаты – есірткі қылмыстарының, оның ішінде есірткі құралдарын заңсыз тарату, өндіру және құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өсіру фактілерінің жолын кесу. Осының бәрі «Қарасора-2026» іс-шарасының өткізілу барысында қатаң бақыланады.

Данияр ЖАНДАРБЕК,
Қоскөл ст. КПб бастығы,
полиция майоры.