Құрметті аудан орталығының тұрғындары!

Биылғы жылдың 1 маусымнан бастап, Ұлытау селосында орналасқан мемлекеттік мекемелерді, қоғамдық, коммерциялық ғимараттарды және жеке тұрғын үйлерді құрылысын аяқтау сатысындағы орталық кәріз жүйесіне қосу көзделгенін хабарлаймыз.

Коммуналдық қызмет түрлерін тұтынушыларды орталық кәріз жүйесіне қосу үшін мемлекеттік мекемелер, қоғамдық, коммерциялық ғимараттар және жеке тұрғын үйлер орталық ауызсу құбырына қосылуы және оларда санитарлық тораптар орнатылған болуы тиіс.

Осыған орай, «Ұлытау аудандық көпсалалы коммуналдық кәсіпорыны» КМК тарапынан алғашқы кезекте тұрғын үйлерді толықтай ауызсу жүйесіне қосу жұмыстарын жүргізу, кейіннен, орталық кәріз жүйесіне қосу жоспарлануда.

Бұл ретте, заңнама талаптары бойынша жекеменшік тұрғын үйлерді коммуналдық жүйелерге қосу үй иелерінің қаражаты есебінен жүзеге асырылуы тиіс екендігін ескертеміз.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, тұрғын үйлер ауызсу жүйесіне қосылмаған болса және үйлерде санитарлық тораптар орнатылмаса, жекеменшік үйлердің иелерін коммуналдық кәсіпорын қызметкерлеріне хабарласа отырып, алдын-ала үйлерін коммуналдық жүйелерге қосуға дайындық жүргізуге шақырамыз.

Осыған қосымша, орталық ауызсу жүйесі мен орталық кәріз жүйесінің тиімді жұмыс істеуі аудан орталығындағы коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың санының көп болуына және ауқымды абонеттік жүйенің болуына байланысты екендігін хабарлаймыз.

«Ұлытау ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі.