Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!

         Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Мәдениет – ұлттың мәйегі. Өнер – халықтың қазынасы, ұлттың құндылығы. Өнер мен мәдениет – егіз ұғым. Әрбір елдің рухани күші – оның мәдениетімен өлшенеді. Содан болса керек, елдің өнер көшін алға ілгерілетуде ұлт руханиятының шырақшысы болып жүрген мәдениет майталмандарының қоғамдағы алар орны ерекше.
          Қасиетті үш жүздің басын қосқан Ұлытау топырағы талай мәдениет майталмандары мен өнер жұлдыздарының алтын бесігіне айналды.
Бүгінде өңір өркениетінің дамуында мәдениет қызметкерлеріне артылар жүк ауыр. Елімізде төтенше жағдай енгізілген күннен бастап барлық мәдени, спорттық іс-шаралар тоқтатылды. Соған қарамастан сала мамандары онлайн режимде де мәртебелі міндетті абыроймен атқарып келеді. Осы орайда, ұлттық өнердің қанат жайып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасуында – баршаңыздың үлестеріңіз зор, еңбектеріңіз ерен.

Құрметті мәдениет, өнер саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

         Бүгінгі ерекше мереке күні мәдениет пен өнер саласына еңбегі сіңген аға буын өкілдеріне айтар алғысымыз шексіз. Еліміздің мәдениетінің  өркендеп-өсуіне, шығармашылық тұрғыдан қызмет етіп, тамаша тартымды туындыларыңызбен қуанта беріңіздер! Баршаларыңызға шығармашылық жолда толағай табыс, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз!

 Мереке құтты болсын!

Советбек МЕДЕБАЕВ,

Ұлытау ауданының әкімі.

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,

аудандық мәслихаттың хатшысы.