Ауыл клубында – LED экран
Байқоңыр ауылының клуб үйіне демеушілік қаражат есебінен заман талабына сай LED экран орнатылды. Жаңа қондырғы мәдени-көпшілік іс-шаралар барысында бейнероликтерді, таныстырылымдар мен ақпараттық материалдарды жоғары сапада көрсетуге мүмкіндік береді.

Заманауи экран мерекелік кештер мен мәдени шаралардың мазмұнын байытып, көрермендер үшін қолайлы жағдай қалыптастырады. Сонымен қатар бұл бастама мәдениет саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға оң ықпалын тигізбек.
Айта кету керек, дәл осындай LED экранды Қоскөл ауылына орнату жұмыстары да демеушілік есебінен жүзеге асырылып жатыр. Бұл ауылдық елді мекендердегі мәдени нысандарды жаңғыртуға бағытталған игі істің жалғасы болып отыр.
Досан ДУЛЫҒАЛЫ.
