Қадірлі жерлестер! Ардақты ағайын!

Баршаңызды бірлік пен берекенің мейрамы саналатын 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мереке бейбітшілікпен келісімді бірегей ұлттық құндылық ретінде бағалайтын қазақстандықтар үшін айрықша маңызға ие. Біз ел тұтастығының тірегі, мемлекеттің басты байлығы – бірлікті әрдайым көзіміздің қарашығындай сақтап, оны одан әрі нығайта түсуге тиіспіз.

«Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді Ұлы Дала даналығы. Данагөй бабаларымыз мұны бекерден-бекер айтпаса керек. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі – бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ырысты ынтымақ үстемдік құрған егемен еліміздің мамыражай мейрамы десек, ол шынайылықтың шырайын енгізе түсер теңеу ретінде қабылдануы тиіс.

Қазіргі таңда Ұлытау ауданында орыс, корей, татар, өзбек, украин және өзге де этностардың өкілдері жергілікті халықпен етене араласып, тату-тәтті жағдайда тірлік кешуде. Олардың мақсат-мүддесі ортақ, сол себепті, ауыртпалықты бөлісе арқаласып, қызық-қуаныштарын бірге өткеру – өмірдің бұлжымас заңдылығына айналып кеткен құбылыс.

Қадірменді қауым!

Қасиетті Рамазан айымен қатар келген мерейлі мерекеде баршаңызға бақ-береке, ашық аспан, отбасыларыңызға амандық, келешегімізді кемелдендіре түсу жолындағы еңбектеріңізге толайым табыс тілейміз!

Еліміздегі ұлтаралық татулықтың іргетасы берік, ынтымақ пен бірлік мәңгі болсын!

Советбек МЕДЕБАЕВ,

Ұлытау ауданының әкімі.

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,

аудандық мәслихаттың хатшысы.