Қарағанды жастарын «Жасыл ел» қатарына қосылуға шақырады
Қарағанды қаласының «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының штабы өз қатарына жауынгерлерді қабылдау туралы хабарлайды. Мемлекеттік бағдарламаға қатысу жаңа таныстар табуға, туған өлкенің табиғатына көмектесуге және қосымша ақша табуға тамаша мүмкіндік болады.
Осы жылы бағдарлама аясында 280-нен астам жастарды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Олар қала саябақтарының аумақтарын көгалдандырумен және абаттандырумен айналысатын болады.
Жалақы 42 500 теңгеден 65 000 теңгеге дейін болады. Жұмыс 1 маусымнан басталады.
«Жасыл ел» сарбаздарының қатарына 14-28 жас аралығындағы жастар қабылданады.
Бұл ретте 14 жастан бастап Оқушылар күніне 4 сағаттан жұмыс істейтін болады.
16-дан 18 жасқа дейінгі жастар – 6 сағаттан, 18-ден 28 жасқа дейінгі жастар – 8 сағаттан.
Жұмысқа орналасу үшін қандай құжаттар қажет екенін білу үшін Әлиханов көшесі, 37, 311-кеңсеге келіп, +7-778-963-23-97 телефонына қоңырау шалу керек.
Қосымша ақпарат Instagram jasylel_qaragandy.
Естеріңізге сала кетейік, «Жасыл ел» бағдарламасы Елбасының тапсырмасы бойынша 2005 жылдан бастап еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырылуда.