Түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

Жақында көліктегі ПД Жезқазған станциясы КПБ қызмет көрсету аумағында өтіп жатқан ЖПІШ “Участок” жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында бірқатар түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға Жезқазған станциясы КПБ бастығының орынбасары, полиция майоры Жанбота Мухаммедиев, Қоскөл станциясы КПб бастығы, полиция майоры Данияр Жандарбек қатысты.
Түсіндіру жұмыстары Жезқазған станциясы вокзалындағы жолаушыларға бағытталды. Оларға әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жазатайым оқиғалардың, соның ішінде жасөспірімдер арасындағы оқыс жағдайларды болдырмау, сонымен қатар, теміржол бойындағы рұқсат етілмеген жерлерден кесіп өтудің қауіптілігі жөнінде түсіндірілді. Әңгіме барысында ҚР ӘҚБ-тК-нің 559-бабына сәйкес, арнайы белгіленбеген жерден өтуге тыйым салынатындығын ескертті. Осы бағытта, әрбір вагондарға барып, жолаушылармен профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Данияр ЖАНДАРБЕК,
Қоскөл ст.КПб бастығы.