Ескертуді елемей жолға шыққандарға қандай жаза қолданылады?
Жолдар жабылғанда ескертуді елемей жолға шыққан көлік жүргізушілеріне салынатын айыппұл көлемі келесі жылы 129 мың теңге болады. Бүгінде оның көлемі 117 мың 960 теңге. Айыппұлдың өсуі айлық есептік көрсеткіштің ұлғаюына байланысты өзгереді.

Ережеге сәйкес, боранды күні немесе техногендік апат кезінде уәкілетті органның талабын ескермегендер айыппұл арқалайды немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады. Егер бұл 1 жыл ішінде қайталанса, қамау мерзімі 5 тәулікке ұзартылады немесе 50 айлық есептiк көрсеткiш, яғни 216 мың 250 теңге мөлшерiнде айыппұл салынады.
Айта кетейік, былтыр ақпан айында 50-ден аса адам қар құрсауынан құтқарылған болатын.
