Биік белеске жетудің жолы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел дамуының жаңа бағытын айқындайтын стратегиялық құжат. Бұл құжатта қоғам өмірінің барлық саласын жаңғыртудың нақты жолдары көрсетіліп, еліміздің болашағына бағытталған маңызды міндеттер белгіленді. Соның ішінде мемлекеттік басқаруды жетілдіру, цифрландыруды жеделдету және саяси жаңғырту мәселелері қаралды.

Президент өз Жолдауында халықтың әл-ауқатын арттыру, экономика мен әлеуметтік саланы жаңғырту, ғылым мен білімді дамыту, экология және өңірлік саясатты жетілдіру сияқты негізгі басымдықтарды атап өтті. Бұл – еліміздің тұрақты дамуы мен әділетті қоғам орнатудың нақты жол картасы.
Жолдауда «Әділетті Қазақстан – бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» қағидаты ерекше атап өтілді. Мемлекет басшысы әрбір қазақстандықтың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау, кәсіпкерлікті қолдау, жастарға білім мен еңбек арқылы өрлеу мүмкіндігін беру қажеттігін айтты.
Президенттің бастамалары елдің әлеуметтік-экономикалық өрлеуін қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғамның жаңғыруына серпін береді. Сондықтан әр азамат Жолдаудағы міндеттерді орындауға өз үлесін қосуы тиіс.
Президент Жолдауы – бұл еліміздің жаңару мен өркендеуге бағыт алған нақты іс-қимыл бағдарламасы. Ол – болашаққа сенімді қадам басудың, әділетті қоғам мен қуатты мемлекеттің негізі.
Биылғы Жолдау – Қазақстанды жаңғыртудың жаңа замандағы кешенді жол картасы болмақ.

Рымтай ҚАСЫМОВА,
Ұлытау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.