Қарағанды көлік-технологиялық колледжінің базасында құзыреттілік орталығы ашылды
Қарағанды көлік-технологиялық колледжінің базасында «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» бейіні бойынша құзырет орталығы жұмыс істей бастады. Орталық Worldskills чемпионаттарын өңірлік деңгейде өткізуге және Ұлттық чемпионатқа қатысушыларды дайындауға мүмкіндік береді.
«Орталықтың ашылуы – өңірдегі кәсіби дайындық сапасын арттыру, сондай-ақ облыстың кәсіби білім беру жүйесіне үздік ұлттық және халықаралық тәжірибелерді енгізу болып табылады», – деп хабарлады Қарағанды облысының білім басқармасында.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде «Жас маман» жобасы аясында құзыреттілік орталықтарын ашу марафоны өтуде. Бұл алаңдар – бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға арналған инновациялық кластер. Сондай-ақ, олар жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыруға қызмет етуі тиіс.