Маңызды мәселелер қаралды

«Nur Otan» партиясы Ұлытау аудандық филиалының конференц-залында аудандық  филиал төрағасының бірінші орынбасары Жомарт БЕГАЕВТІҢ төрағалығымен Саяси кеңес Бюросының отырысы өтіп, ағымдық сипаттағы бірқатар мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі сауалдар реттілігіне сәйкес, бастапқы кезекте аудандық филиалдың бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстарының кестесі бекітілді

Содан кейін «Nur Otan» партиясы Ұлытау аудандық филиалының ХХVII кезекті есеп беру-сайлау конференциясын шақыру және күн тәртібін бекіту туралы» мәселе талқыға түсті. Оның түйінінде партия жарғысының 8.3.2. бабы талабына сәйкес, аудандық филиалдың ХХVII кезекті есеп-сайлау конференциясын биылдың жылдың 28 сәуіріне шақыру жөнінде шешім қабылданды.

Бұдан соң қарастырылған мәселелер қорытындысымен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының консультативтік-кеңесші органдары құрылып, Ережелері бекітілді.

Жомарт Сәбитұлы бюро мүшелерімен алдағы міндеттер ауқымына қатысты пікір алмасып, оларға қатысты тиісті тұжырымдар жасалды.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТ