Қарағанды қаласының сауда үйлерінде КВИ-ге қарсы вакцина алуға болады

Енді коронавирусқа қарсы вакцинаны тек емханаларда ғана емес — бүгіннен бастап Қарағандыдағы сауда орталықтарында вакцинация пункттері іске қосылды. Олар Global City СОСО мен «Таир» СО орналасқан. Жақынарада «Абзал» мен «Умайда» пайда болады. Дәрігерлер қандай жағдайда жұмыс істейді, ал тұрғындарға вакцина қалай егілетінін Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек тексерді.

Ол Қарағандыдағы №1, 3, 5 емханалардағы бірнеше вакцинация бөлімшелерінде, сондай-ақ «Таир» және Global City-дегі кабинеттерде болды. Аймақ басшысына сауда орталықтарындағы вакцинация орталықтары барлық қажетті жабдықтармен, атап айтқанда вакциналарды сақтауға арналған арнайы тоңазытқышпен жабдықталғанын баяндалды. Білікті медициналық қызметкерлері даярланңған. Сауда орталықтарындағы, сондай-ақ емханалардағы пункттер аймақтарға бөлінеді: бақылау, екпе жасау және вакцинациядан кейінгі аймақтар. Қажет болған жағдайда жедел көмек көрсету үшін арнайы кабинет те қарастырылған. Вакцинация пункттерінде қажетті барлық санитарлық нормалар сақталған.

Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Гамаль Тоқсамбаевтың айтуынша, облыста 115 вакцинация орталығы ұйымдастырылған, оның 12-сі Қарағандыда. Егер вакцинациялауды қалайтындар көп болса, қосымша пунктер ашылады.

Сондай-ақ, ол облыста вакциналарды тасымалдауға арналған термоконтейнерлермен жабдықталған жылжымалы медициналық топтар ұйымдастырылғанын айтты. Олардың міндеті — ұйымдасқан еңбек ұжымдарына вакцина егу. Мысалы, қазірдің өзінде «АрселорМиттал Темиртау», YDD Corporation және Qaz Carbon компаниясының қызметкерлері вакцинация алуда. Мобильді топтар аймақтың кез-келген елді мекеніне баруға дайын.

Естеріңізге сала кетейік, кез-келген адам вакцинацияға eGov.kz порталы, Damumed мобильді қосымшасы арқылы жазылып немесе сауда үйлерінің біріне барып екпе ала алады.

Аймақта 20 мыңнан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алды, «Спутника-V» екі дозасын алғандар — 10 мыңнан астам. Сәуір айының соңына дейін облысымызға тағы 88 мыңға жуық вакцина жеткізіледі.