Ұлытау ауданының әкімі індетке қарсы вакцина салдырды
Бүгін аудан әкімі Советбек МЕДЕБАЕВ аудандық орталық ауруханада коронавирус инфекциясына қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырды.
«Дәрігерлер екпеден кейін ине салынған жерге су тигізбеу және оның орнын жылы ұстау жөнінде кеңес берді. Енді соған сәйкес әрекет ететін боламын. Ғалымдар, денсаулық сақтау саласының білікті мамандары мен сарапшылар індетке қажетті сақтық шараларын мүлтіксіз орындаумен қатар, ұжымдық иммунитет қалыптастыру тәсілі арқылы тосқауыл қою мүмкін екенін ескертуде. Ал ұжымдық иммунитет тұрғылықты халықтың басым бөлігі екпе салдырған жағдайда ғана қалыптасады. Екпе, міне, осындай қажеттілігімен ерекше маңызды. Сол себепті, ауданның барлық тұрғындарын екпе салдыруға шақырамын», – деді Советбек Тұрсынұлы вакцина салдырған соң бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен тілдесуі кезінде.
Аудан басшысынан кейін аудандық мекемелер мен бөлімдер басшылары да вакцина салдырды.
Өз тілшімізден.