Қарағанды облысындағы су тасқыны жағдайы туралы (10 сәуір)
Қарағанды облысының Нұра ауданында еріген қар суының қарқынды түсуіне байланысты Нұр-Сұлтан – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау автожолының 104-ші және 122-ші шақырымында су тасқыны тіркелді. Нұра және Осакаров аудандары аумағындағы су тасқыны жағдайы ерекше бақылауда.
122-ші шақырымда қысқа мерзімді су тасқыны тоқтатылды. 104-ші шақырымда көлік қозғалысы тоқтатылды. Сигналдық белгілер қойылды. Су тасуын жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қайнар – Амантау аудандық маңызы бар автожолының 7-ші шақырымында жол төсемі шайылып кетті. Жергілікті атқарушы органдардың күшімен кезекшілік ұйымдастырылды.
Нұра ауданының Нығман және ішінара Ақтүбек елді мекендері Қон өзенінің төгілу аймағында қалады. Қорғаныс шаралары алдын-ала жүргізілді.
Елді мекендерге қауіп жоқ.
Нұра ауданының Баршын және Кенжарық ауылдық округтері аумағында мұз кептелісін болдырмау мақсатында Құланөтпес және Жаман-Қон өзендерінің үш учаскесінде мұзды ұсақтау жұмыстары жүргізілді.
Су тасқыны жағдайы облыстық су тасқынына қарсы жедел штабтың бақылауында.
Қарағанды облысы ТЖД ақпараты бойынша