Әділетті әрі қауіпсіз Қазақстанды құру үшін заң мен тәртіп үстемдігін түбегейлі орнықтыру қажет – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде осылай деді.

Әділетті әрі қауіпсіз Қазақстанды құру үшін заң мен тәртіп үстемдігін түбегейлі орнықтыру қажет. Бұл – барша азаматтың құқығы мен бостандығын қорғаудың мызғымас тірегі. Қоғамның құқықтық мәдениетін арттырып, құқық қорғау жүйесін жетілдіру – ауқымы кең, маңызды міндет. Біз «Заң және тәртіп» қағидатын жаппай дәріптеп, ата-бабамыздың бірегей құқықтық мұраларын – Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Тәукенің Жеті жарғысын кеңінен насихаттауымыз керек. Бұл халқымыздың құқықтық санасын қалыптастыратын маңызды фактор, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.