Қасым-Жомарт Тоқаев: Мемлекетке қызмет ету – ең құрметті әрі аса жауапты міндет

Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде полиция қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мейрамдарымен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Күштік құрылымдарды жаңғырту ісінде жаңа буынның атқаратын рөлі ерекше екенін айтты. Сондықтан бүгінгі басқосуға академиялардың курсанттары да арнайы шақырылған.

«Қазір дүние жүзі алмағайып, бұлыңғыр, яғни, өте күрделі кезеңді бастан өткеруде. Осындай құбылмалы уақытта қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, заңның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету – айрықша маңызды міндет», – деді Мемлекет басшысы.