Қарағанды облысының өзендерінде мұзды ұсақтау жұмыстары жалғасуда
Қарағанды облысының өзендерінде мұзды ұсақтау жұмыстары жалғасуда. Бұл көктемгі сең жүру кезінде кептелістің алдын алу және тасқын суларды өткізу үшін жасалады.
Жарылыс жұмыстары 6 сәуірде Абай ауданының Самар ауылдық округіндегі Нұра өзенінде жүргізілді. Бүгін Қарқаралы ауданындағы Қарасор көлінде жарылыс жұмыстары жоспарланған. Мұзды бұрғылау және ұсату Ақтоғай ауданындағы Ақтас өзенінде және Бұқар Жырау ауданындағы Нұра өзенінде өтті.
Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар департаменті Қарағанды облысының тұрғындарына мұз жүру кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді.
Келесідей әрекеттерге тыйым салынады:
— өзендер арқылы өтуге;
— мұзды жағадан ысыруға;
— мұз үстімен жүруге және оларға шығуға;
— автокөлікпен мұзға шығуға.
Айта кету керек, қазіргі уақытта өңірдегі су тасқыны жағдайы тұрақты және бақылауда.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша