EGov мобильдік қосымшасында Сovid-19 вакцинациясының электрондық паспорты пайда болды

Қазақстандықтар үшін eGov Mobile қосымшасында Сovid-19 вакцинациясының электрондық паспорты қолжетімді. Бұл туралы Facebook-те цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин хабарлады. Паспорт сандық құжаттарда вакцинаның екінші дозасын алғаннан кейін ғана көрсетіледі.

«EGov Mobile қосымшасының «цифрлық құжаттар» бөлімінде вакцинациялаудың электрондық паспорты қолжетімді. Онда үш тілде келесідей ақпарат көрсетіледі: адам қандай препараттар алды, қандай дозаларда, қай күндері. Сіз құжатты талап етілген жерде көрсете аласыз және QR-код арқылы қол жеткізе аласыз», — деп жазды министр.

Ол қазіргі уақытта IATA халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен ынтымақтастық, сондай-ақ халықаралық жүйелермен интеграция мәселесі қаралып жатқанын айтты.

BagdatMussin