Еңбек адамы – елдің арқауы
Еңбек адамы – табандылықтың, шыдамдылық пен адалдықтың жарқын үлгісі. Олар үшін атақ-даңқ емес, атқарған ісінің нәтижесі маңызды. Осындай жандардың арқасында ел тынысы тоқтамай, өмір алға басып келеді. Сондықтан еңбек адамына құрмет – ұлтқа деген құрмет.
Еңбектің ешқашан ескерусіз қалмауы керек. Себебі, шын мәнінде елдің ең үлкен байлығы – табиғи ресурсы да емес, техникасы да емес, дәл осы еңбек етіп, өндіріске жан бітіріп отырған адам ресурсы. Қарапайым жұмысшы, мұғалім, дәрігер, шахтер, теміржолшы, құрылысшы, диқандар мен қолөнершілер – барлығы ел экономикасының күре тамырын ұстап тұрған негізгі күш.
Бүгінгі жастар дәл осындай еңбекке адал, өз ісіне берілген адамдардан үлгі алып, болашаққа сеніммен қадам басуы тиіс. Себебі, ел болашағы – жас ұрпақтың қолында, ал олардың бағыт-бағдары осындай еңбек майталмандары арқылы қалыптасады.
Руслан БЕГАЕВ,
музыкант.