Ұлытау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өтті

Шарада Ұлытау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Достияров Жасұлан Бейсенбекович ата-аналардың алименттік міндеттемелері және оны орындамаудың құқықтық салдары туралы баяндама жасады.

Спикердің айтуынша, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға міндетті екенін айқындайды. Егер алимент төлеу туралы келісім болмаса, сот шешімімен ата-ананың табысынан белгілі бір үлес мөлшерінде алимент өндіріліп алынады.

2024 жылғы сот тәжірибесі бойынша:
​•​Алимент өндіріп алу туралы 1 195 іс бойынша сот бұйрығы шығарылған.
​•​Әке болуды анықтау және алимент өндіріп алу туралы 71 іс қаралған.
​•​Неке бұзу істерімен бірге алимент тағайындау бойынша 105 іс қаралған.
​•​Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 12 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде 2 тұлға бас бостандығынан айырылған.
​•​Ата-аналық құқықтарынан айыру туралы 45 азаматтық іс қаралып, 23 ата-ана ата-ана құқығынан айырылған.

Алименттік міндеттемелерді орындамаудың салдары:
​1.​Әкімшілік жауапкершілік:
​•​ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша 5 АЕК көлемінде айыппұл немесе 5 тәулікке әкімшілік қамақ қарастырылған.
​2.​Қылмыстық жауапкершілік:
​•​ҚК-нің 139-бабына сәйкес, алиментті 3 айдан астам төлемегендер 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылуы, 2 жылға бас бостандығын шектеуі немесе бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
​3.​Ата-аналық құқықтан айыру:
​•​Кодекстің 75-бабына сәйкес, алимент төлеуден қасақана жалтарған ата-ана сот шешімімен ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.

Спикер қоғамдық сананы арттыру, ата-аналарды жауапкершілікке тарту және балалардың құқығын қорғау бағытында атқарылып жатқан шараларды атап өтті. Сондай-ақ, халықты алименттік міндеттемелерді орындауға шақырып, борышкерлерге заңды талаптарды орындаудың маңыздылығын ескертті.

Ұлытау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.