6 наурыз күні 9 өңірде дабыл жүйесі қосылады
6-7 наурызда еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың 2-кезеңі өтеді.
Оқу-жаттығу шеңберінде 2 күн бойы Астана қаласында, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында профилактикалық іс-шара кешені өткізіледі.
Сонымен қатар «Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында еліміздің 9 өңірінде 6 наурыз сағат 11:00-де барлық дыбыстық электр дабылы қосылады.
Министрлік тыныштық сақтап, үрейге бой алдырмауды сұрайды.