Еңбек адамы – ел ырысы
Еңбек адамы – қоғамның негізгі қозғаушы күші және барлық жетістіктердің негізі. Қоғамдағы кез келген даму мен прогресс еңбек адамдарынан басталады, өйткені олардың адал қызметі, қажырлы еңбегі және табандылығы арқылы ел экономикасы мен мәдениеті дамиды.
Еңбек адамы – тек кәсіби міндеттерін орындаушы ғана емес, сонымен қатар өз ісіне деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілігін көрсете білетін тұлға.
Еңбек адамның әрқайсысының еңбегі маңызды, ол физикалық немесе интеллектуалдық болсын, қоғамға пайда әкеледі. Құрылыстағы жұмысшы да, зауыттағы инженер де, мұғалім де, дәрігер де – бәрі қоғамның ажырамас бөлігі. Олардың еңбегінің арқасында елдің тұрақты дамуы қамтамасыз етіледі.
Еңбек адамына құрмет көрсету – оның еңбегін бағалап, тиісті деңгейде марапаттау арқылы жүзеге асады. Бұл олардың жұмысқа деген ынтасын арттырып қана қоймай, жастарға да үлгі болады. Қоғамда еңбек адамының орны әрқашан жоғары болуы керек, себебі кез келген жетістік солардың арқасында жүзеге асады.
Құрмет РАХАТ,
ерікті.